Бразилия билігі Рио-де-Жанейродағы Олимпиада қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сөз берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия билігі Рио-де- Жанейродағы Олимпиада ойындарына келетін спортшылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Бразилияның Әділет министрлігі бұқаралық шараларды ұйымдастыру департаментінің басшысы Андрей Аугусту Пассус Родригес мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.
None
None

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағынан Олимпиада ойындарын өткізуге дайын екенімізге сенімдімін, - деді Родригес. - Қосымша полицейлерді тарту және қарулы күштердің ықпалдасуымен тәртіпті қамтамасыз етеміз».

Шенеунік жарыс кезінде Рио-де-Жанейрода қауіпсіздікті 85 мың адам, яғни 47 мың полицей мен 38 мың әскери қызметші қамтамасыз ететінін еске салды. Сонымен қатар, Родригес Олимпиада алдында Бразилия билігі терроризмге қарсы арнайы орталық ашқанын айтты. Оның жұмысына бразилиялықтармен қатар жеті елдің - Аргентина, Парагвай, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Испания және АҚШ мамандары қатысуда.

XXXI жылдық Олимпиада 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада ұйымдастырылған алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.  Паралимпиада 7- 18 қыркүйек аралығында өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар