Бразилия билігі жүкті әйелдерге Олимпиадаға келмеуге кеңес етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия билігі жүкті әйелдерге Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға келмеуге кеңес етті. Yahoo Sports-тың хабарлауынша, оған Зика вирусы себеп болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың нәрестенің денсаулығына кері әсер етуінің ықтималдығы көп деп есептейді.

«Жүкті әйелдер үшін бұл өте қауіпті. Сондықтан біз егер олар бастарына қауіп төндіргісі келмесе, Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиадаға келмегендері жөн», - деді Бразилия президентінің көмекшісі Жак Вагнер.

Масалардың шағуымен таратылатын инфекция бүкіл латынамерикалық құрлыққа тараған, әсіресе Бразилия мен Колумбия көп зардап шегіп отыр.

Еске сала кетейік, Риодағы Олимпиада 5-21 тамыз күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар