Бразилия - Хорватия кездесуінің бірінші таймы аяқталды
Сан-Паулу-Астана. ҚазАқпарат - Футболдан әлем біріншілігінің ашылу ойыны - Бразилия мен Хорватия құрамалары арасындағы ойынның бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Ойынның 11-минутында алаң иелері автогол салып, хорваттар алға шықты. Атап айтсақ, Бразилия құрамасының қорғаушысы өз қақпасына абайсызда доп енгізіп алды.
Бұл қателіктерінің орнын жабу үшін алаң иелері шабуылды үдете түсіп, нәтижесінде 20-минутта есеп теңесті. Голдың авторы Неймар. Қазіргі сәтте қос команда ойыншылары 15 минуттық үзіліске шықты.