Бразилия кофені импорттауға мәжбүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпан айынан бастап Бразилия ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін Вьетнамнан алпыс келілік қаптағы 1 млн «Робуста» кофесіне  жеткізеді, деп хабарлайды dw.com .

Бразилия кофені импорттауға мәжбүр

Ірі кофе шығарушы Бразилия ел тарихында тұңғыш рет  ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін кофені сырттан импорттауға мәжбүр. Елдің үкіметі 2017 жылдың ақпан айынан бастап Вьетнамнан 60 келілік қаптағы 1 млн «Робуста» сортының кофесіне  жеткізеді. Бұл туралы ақпаратты Folha de São Paulo интернет-порталы жария етті. Импорт айына 250 мың қап көлемінде шектелген.

Кофе өсіретін аймақтардағы бірнеше айға созылған қуаңшылық осы өнімнің бағасын соңғы он екі айда 14,9 пайызға қымбаттатып жіберген. 2016 жылы 8 млн қап «Робуста» сортының кофесін шығарған Эспириту-Санту штаты көбірек зардап шекті, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 30 пайызға кем.