18:22, 18 Сәуір 2022 | GMT +5
Бразилия коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін алып тастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бразилия үкіметі коронавирус инфекциясы пандемиясының басталуына байланысты енгізілген төтенше жағдайды алып тастады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Марселу Кейрога хабарлады.

Оның айтуынша, бұл елдегі вакцинация науқанының сәтті өтуімен және эпидемиологиялық жағдайдың оңалуымен байланысты болып отыр. Кейрогa жақында төтенше жағдайдың тоқтатылуын реттейтін нормативтік акт жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, коронавирусқа байланысты иіс сезімін тез қалпына келтіру үшін мұрынды изотоникалық ерітіндімен жуып, иісті жаттығулар жасау керек, оның барысында пациент таныс хош иістерді анықтайды. Сондай-ақ, аурудан қалпына келгеннен кейін 2-3 айда байқалатын шаштың түсуіне шағымданады. Дәрігер иммунитетті нығайтуға, диета ұстауға және стрессті азайтуға кеңес берді.