Бразилия құрамасының бас бапкері Сколари отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари өз қызметінен кетті, деп жазады sports.ru.
Футболдан ӘЧ-да 3-орынды сарапқа салған Голландия-Бразилия кездесуінде болған соңғы жеңілістен кейін (0:3) 65 жастағы маман Бразилияның футбол конфедерациясына қызметтен кету туралы өтінішімен барды. Бұл шешім қолдау тапты, деп хабарлады Globoesporte.
Ақпарат көзінің мәліметінше, Сколаридің отставкасы туралы бүгін ресми түрде жарияланатын болады.
Еске сала кетейік, Сколари Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне бір жарым жыл бұрын тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама 2013 жылы конфедерация кубогына ие болған. Ал 2014 жылғы ӘЧ-ның жартилай финалында Германиядан жеңіліп (1:7), қола үшін күресте Голландияға есе жіберді (0:3).
Атап өтейік, Сколари басшылығымен Бразилия құрамасы 2002 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.