Бразилия құрамасының басты үміті жаттығуда жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Барселонаның» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар дүйсенбі күні ұлттық команда жаттығуында жарақат алып қалды, деп хабарлайды РБК.

Бразилия құрамасының басты үміті жаттығуда жарақат алды

Жаттығу барысында футболшы сүрініп, аяғын қайырып алған. Дәрігерлер оны аса қатты зақымданбаған дейді.

Бразилиялықтардың бас бапкері Луиз Фелипе Сколаридің айтуынша, Неймар алда өтетін Хорватиямен ойынға 100 пайыз дайындалып үлгереді. Алайда бапкерлік штаб өкілдері тұтас елдің үкілеген үмітіне айналып отырған жас шабуылшы Неймардың алғашқы ойынға қатыса алуына қатысты күмән білдірді.