Бразилия мен Аргентина ойынында жанкүйерлер төбелес шығарды
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойыны аясында Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесті. Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында әнұран орындау кезінде екі құраманың жанкүйерлері төбелесіп қалды, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметкерлері футбол фанаттары мен футболшыларды сабырға шақырып, жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеді. Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси командаластарын алаңнан алып кетті.
Жанжалдан соң Маракана стадионындағы ойын өз уақытынан 27 минутқа кеш басталды.
Тартысты өткен матчтағы жеңісті голды португалиялық «Бенфика» командасының қорғаушысы Николас Отаменди салып, құрамасына маңызды үш ұпайды сыйлады. «Пентакампиондар» бұл кездесуді он ойыншымен аяқтады. Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Джоэлинтон 81 минутта алаңнан қуылды.
Айта кетейік, 15 ұпаймен Аргентина Оңтүстік Америка аймағындағы іріктеу ойындарының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. 7 ұпаймен Бразилия алтыншы орынға жайғасқан.
Horrible scenes in the stands prior to Brazil vs Argentina. pic.twitter.com/ZluK2yQI4b
— Alexi Lalas (@AlexiLalas) November 22, 2023
Argentina vs Brazil has always been an exciting fixture but not once did I expect to see this 😭pic.twitter.com/Apg3dChthY
— Reasons (@LFCReasons) November 22, 2023