Бразилия мен Еуропаны жаңа су асты кабелі байланыстырады

АСТАНА.16 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилия мемлекеттік Telebras телекоммуникациялық компаниясы осы ел мен Еуропаны байланыстыратын су асты интернет-кабелін жүргізу бойынша ауқымды жобаның жүзеге асырылу мерзімі туралы жариялады,

Бразилия мен Еуропаны жаңа су асты кабелі байланыстырады

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Компанияның ресми өкілі Роналд Валладанның мәлімдеуінше, «жалпы құны 185 млн. долларды құрайтын кабельді жүргізу бойынша жұмыстар биылғы жылдың екінші жартысында басталып, 18 ай ішінде аяқталуы тиіс». Ол үшін испандық IslaLink Submarine Cables компаниясымен бірігіп, JVCo кәсіпорны құрылды, оның сәйкесінше 35% және 45% бразилиялық және испандық әріптестерге тиесілі. Жоспар бойынша, капиталдың 20% бразилиялық инвестициялық қорлар еншісінде.

Жаңа интернет-кабель коммерциялық мүдделерді көздеуде де, қауіпсіздік тұрғысынан да стратегиялық мәнге ие.