Бразилия Олимпиадасында 85 мың адам қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

20 мың әскери қызметші Рио-де-Жанейрода, тағы 18 мыңы олимпиадалық футбол матчтары өтетін бес қалаға тартылмақ. Бұл жерде Бразилиа, Белу-Оризонту, Манаусе, Сан-Паулу және Салвадор қалалары туралы сөз болып отыр.
Бекітілген схемаға сәйкес Рио-де-Жанейро төрт қауіпсіздік аймағына бөлінеді: Барра, Деодоро, Маракана және Копакабана.
Қорғаныс министрінің сөзіне қарағанда, Бразилиядағы үкіметке қарсы тарап пен оның жақтастары ұйымдастыруы мүмкін манифестациялар ойындардың өтуіне кедергі келтірмейді. "Менің ойымша, 2013 жылы болған сияқты қоғамдық акциялар өтпейді. Олимпиада тыныш өтеді", - деді Рибелу.
XXXI жазғы Олимпиада 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өтетін алғашқы Олимпиада ойындары болады. Паралимпиада бірнеше аптадан кейін: 7- 18 қыркүйек аралығында өтеді.