Бразилия президенті шұғыл ауруханаға жатқызылды

БУЭНОС-АЙРЕС. KAZINFORM – Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва миына қан құйылып, шұғыл ауруханаға жатқызылды. Ол қазан айында құлап, басын қатты соғып алған. Дәрігерлер ішкі қан кету қаупі бар екенін ескерткен, деп жазады ТАСС.  

бразилия
Фото: pyxabay.com

Сан-Паулу қаласындағы Sírio-Libanês ауруханасының баспасөз-баянында атап өтілгендей, мемлекет басшысы Лула да Силва басы ауырғанын сезген соң ауруханаға жатқызылған.

– МРТ 19 қазанда болған үйдегі жазатайым оқиғаның салдарынан бассүйек ішіне қан кеткенін көрсетті. Операция еш қиындықсыз өтті, – делінген медициналық мекеменің хабарламасында.

Дәрігерлердің айтуынша, президент краниотомиядан өткен. Бұл операция үшін бас сүйегінің бір бөлігін уақытша алып тастау процедурасы.

– Президенттің жағдай қазір жақсы. Ол жансақтау бөлімінде бақылауда, – делінген мәліметте.

19 қазанда Лула да Силва резиденциясында құлап, жарақат алған. Қан кету қаупімен ауруханаға жеткізілген. Сол үшін президент 22-24 қазанда Қазанда өткен БРИКС саммитіне барған жоқ, ол бейнеконференцияға қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар