Бразилия президенті биліктен шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия парламентінің Жоғарғы палатасы - Сенат ел президенті Дилма Руссеффқа қатысты импичмент процедурасының басталуы үшін дауыс берді.

Бразилия президенті биліктен шеттетілді

Лента.ру-дың хабарлауынша, бұл ұсынысты 55 сенатор жақтаса, 22 адам қарсы дауыс берді. Ресми ескерту алған соң, Руссефф биліктен сот қарауы кезінде, кем дегенде жарты жылға шеттетіледі.