Бразилия Президенті Медведевпен кездесуде хаттама ережелерін бұзды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бразилия Президенті Дилма Руссефф Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуі кезінде хаттаманың болмашы бұзушылығына жол берді, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі.
None
None

Келіссөздердің барлық ресми және іскерлік бөлігі қатаң жоспар бойынша өтті, алайда журналистер Бразилия Республикасының басшысы Медведевті бір туфлимен қарсы алғанын байқады.

Белгілі болғандай, бірнеше күн бұрын Салвадор қаласында өткен карнавал барысында Руссефф шалынып құлап, аяғының бас бармағын сындырып алған. Аяғына арнайы таңғыш салынғаннан кейін, оған дәстүрлі түфлиді кию мүмкін болмады. Ақырында ол ресейлік премьерді аяқ киімнің бір сыңарымен қарсы алды, екінші аяғына жабық келген үй шәркейін киюге тура келді. Журналистер Руссефф қызыл пиджак пен қара шалбарда сәнді көрінгенін, ал тұрпады бойынша әр түрлі, бірақ түсі бірдей аяқ киімдер көзге қатты түсе қоймағандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар