Бразилия Президенті: Рональдиньо жарақатынан клубтық әлем чемпионатына дейін айығады деп сенемін
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилия Президенті Дилма Роуссерфф «Атлетико минейро» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рональдиньо 11-21 желтоқсан аралығында Мароккода өтетін клубтық әлем чемпионатына дейін жарақатынан айығады деген сенімде.
Бұл туралы оңтүстікамерикалық мемлекеттің басшысы өзінің «Твиттер» әлеуметтік парақшасында жазған.
Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы команданың жаттығуларының бірінде жарақаттанған болатын. Медициналық зерттеу футболистің бұлшық етінің созылып кеткенін көрсетті. Оның жарақаты үш айдан кейін қалпына келеді деген болжам да жасалып отыр. Ойыншы болса, ел президентінің қолдауы өзіне қосымша күш беретінін айтты.