12:15, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Бразилия президенті сайлаудың екінші сатысында анықталатын болады
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Бразилия президентін анықтау үшін сайлаудың екінші кезеңі өткізілетін де болар. Бірқатар болжамдарға қарамастан, басқарып отырған партиядан шыққан кандидат Дилма Руссефф бірінші кезеңде жеңіске жету үшін қажетті дауыстың жартысын да жинай алмады, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.
Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, дауыстардың 80 пайызы саналған. Руссеффті халықтың 45 пайызы қолдаса, оның негізгі қарсыласы, оппозиция кандидаты Жозе Серро 33 пайыз дауыс жинаған.