Бразилия президентінің жүрегіне ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия президенті Мишел Темердің жүрегіне жұма күні түнде шұғыл ота жасалды.

Бразилия президентінің жүрегіне ота жасалды

 Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

«Президент Мишел Темерге  жұма күні кешкісін (24 қараша) стентті орнату арқылы үш коронарлық артериялардың ангиопластикасы жасалды. Ота сәтті өтті», - делінген мәлімдемеде.

Бұдан бұрын Темердің бірнеше медициналық тексеруден өту үшін ауруханада жатқандығы хабарланған еді.