Бразилия соты ФИФА-ны қатты ыстық кезде матчты тоқтатуға міндеттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия соты әлем чемпионаты кезінде қатты ыстықта барлық матчтарда жарты сағат сайын үзіліс жасауды міндеттеді, деп жазады vesti.ru.
Бұл ауа температурасы 32 градустан асқан кезде футболшылар су іше алуына мүмкіндік тудырады. Ал талапты бұзған жағдайда ФИФА әр кездесу үшін 90 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.
Талап-арыз тәуелсіз прокурорларға футболшылардың атынан түскен болатын, олар бразилиялық еңбек заңнамасынан қатты ыстық болғанда матчта үзіліс жариялау туралы жазылған бапты тауып алған. Әзірге мундиаль кезінде ауа температурасы 32 градустан асқан жоқ.