Бразилия тұрғыны үйіндегі диван артынан қолтырауын тауып алды

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Бразилияның Парауапебас қаласында тұратын азаматша үйіндегі бөлмелердің бірінен қолтырауын көрген соң,

Бразилия тұрғыны үйіндегі диван артынан қолтырауын тауып алды

құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды. "Қатты шошыған әйелдің айтуынша, ол өз ұлының диван артында тығылып қалған жарты метрлік қолтырауынды сипап отырғанын көрген. Ол баланы бөлмеден алып шығып, құтқару қызметіне хабар берген", - деп жазады Утро.ру агенттігі.

Мамандардың айтуынша, жақында бұл өңірде қатты жаңбыр жауып, өзендер арнасынан тасып кеткен, қолтырауын сол кезде қаладағы осы тұрғын үйге кіріп кетсе керек.