Бразилия түрмесіндегі бүлік: 14 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сеара штатының екі түрме кешеніндегі бүлік салдарынан 14 адам мерт болды.
None
None

Қаза тапқандардың жасы 21 мен 46-ның аралығында, әзірге өлтірілген 14 адамның сегізінің тұлғасы танылды.

Түрмеге қамалғандардың арасындағы қақтығыстар өткен демалыс күндері Бразилияның пенитенциарлық жүйесі қызметкерлері жариялаған ереуілден кейін басталды, деп атап өтті Diario Correo порталы.

Полицияның бүлікшілерді тыныштандырудағы іс-қимылдарының нәтижесінде түрмелердің бірінен жерасты туннелі табылды, алайда түрмеге қамалғандардың қашқаны туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар