Бразилияда 1 175 адам «доңыз тұмауын» жұқтырды
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Бразилияда A/H1/N1 тұмауын жұқтырудың расталған оқиғаларының саны 1 175 адамға жетті, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Вирусты жұқтырғандардың төртеуі қайтыс болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, шілде айының басында әлемнің 135 елінде A/H1/N1 тұмауын жұқтырудың 94 мың 512 оқиғасы расталған, 429 адам -көз жұмған.