Бразилияда 2 жолаушылар пойызы соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда 2 жолаушылар пойызы соқтығысты. Соңғы мәлімет бойынша, оқыс оқиға салдарынан 229 адам жарақат алған.
Жол апаты Рио-де-Жанейро штатының Мескита өзін-өзі басқару аумағындағы станцияда болған. Қала маңына қатынайтын пойыз шойын жолда тоқтап тұрған сәтте оған артынан келе жатқан отарба келіп соғылған.
Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бұған соққан пойыздың баяу келе жатқаны себеп болса керек. Барлық зардап шеккендер жеңіл жарақат алған. Қазір олар жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді. Апаттан кейін осы бағыттағы теміржол қозғалысы тоқтап қалды, деп жазады khabar.kz.