Бразилияда 400-ге жуық жұп жаппай үйлену рәсімінде неке қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы футбол стадионында жаппай үйлену рәсімі өтті., деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Рәсімге 400-ге жуық жұп қатысып, некелерін қиды. Бұл туралы РТ хабарлап отыр. Ұйымдастырушылар аталған іс-шара тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға қуаныш, мереке сыйлау мақсатында ұйымдастырылды деп отыр. Сондай-ақ игі істі ұйымдастырғандар үйленгендердің көбі бұрыннан бірге тұрып жатқан, балалары бар азаматтар екенін баса айтты. Осы тектес рәсімдер Бразилияда 9 жыл бойы өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар