09:22, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Бразилияда 6,5 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бразилияла Рихтер бағамы бойынша күші 6,5 балдық жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12:18-де (мәскеу уақыты бойынша мамырдың 24-і күні сағат 20:18-де) орын алған.
Зілзаланың кіндігі Бразилияның Акре штатында Крузейру-ду-Сул қаласының оңтүстік-шығысына қарай 125 шақырым жерде тіркелді, ал жер сілкінісінің ошағы 580 шақырым тереңдікте болған. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге мәліметтер түскен жоқ.