Бразилияда 700-ден астам адам лай көшкіндерінің құрбаны болды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилияда 700-ден астам адам лай көшкіндерінің құрбаны болды,

Бразилияда 700-ден астам адам  лай көшкіндерінің    құрбаны  болды

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бразилияның Рио-де Жанейро штатында болған лай көшкіндерінің салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 700-ден астам адам құрбан болған.

Лай көшкіні бірнеше қалада болды. Аймақта бір тәуліктің ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы жауып, соның салдары осындай қайғылы оқиғаға әкеліп отыр.

Өткен жексенбі күні өңірде тағы жаңбыр жауып, жаңа лай көшкіндері болды.

Ресми дерекөздер екі жүздей адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлауда. Бразилия өкіметі апаттың салдарымен күресуге 460 миллион доллар бөліп отыр.