Бразилияда A/H1N1 тұмауының жаңа түрі анықталды
БРАЗИЛИА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу штатында пациенттерден A/H1N1 тұмауының өзгеше түрі анықталды,
деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті денсаулық сақтау хатшылығының жанындағы ғылыми-зерттеу институтынан. Ғалымдардың мәліметтері бойынша, АҚШ-та анықталған вирус пен Сан-Паулу вирусының үлгілерін салыстыру кезінде, бразилиялық «үлгіден» вирустың адам ағзасына енуіне жауапты гемаглутамин ақуызының мутациясы анықталған. Бұл жаңалық ауруға қарсы вакцина әзірлеуде, сондай-ақ басқа елдерде вирустың мутацияға ұшырау ықтималдығын зерттеуде маңызы зор, деп атап көрсетіледі Сан-Паулу Денсаулық сақтау хатшылығының мәлімдемесінде. Ғалымдар анықталған мутацияның A/H1N1 вирусының орнықтылығына қалай әсер ететінін әзірге айта алмай отыр. Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, әлемнің 74 елінде A/H1N1 тұмауының расталған оқиғалары анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.