10:12, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Бразилияда адам өмірінің ең ежелгі іздері табылды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Танымал археолог Ньеде Гидон сәрсенбі күні Бразилиядан Америка құрлығында осыдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның ең ежелгі іздерін тапты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Серра-де-Капивара ұлттық саяжайынан ошақ іздері табылған. Оларға да шамамен соншама жыл болған. Мұнда табылған жартасқа салынған суреттерге де археологтар 90 мың жыл болған десіп отыр.
Осылайша, адамдардың Азиядан Америкаға Беринг бұғазы арқылы шамамен 12 мың жыл бұрын келді деген дәстүрлі теорияның жоққа шығуы мүмкін.