Бразилияда адам жейтін алып құмырсқа қоректілер мекендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар құмырсқа қоректіні адамды жеуі мүмкін деп таныды, делінген ғылыми Wilderness and Environmental Medicine журналында жарияланған мақалада.
Мұндай шешімге олар Бразилияның оңтүстік-батысында екі адамның өлімін зерттегеннен кейін келді.
Ғалымдар адамдардың өліміне әкелген жарақаттарды көріп, оларды алып құмырсқа қоректі жасаған болуы керек деген ой түйген.
Тістері жоқ әрі көру және есту сезімдері нашар дамығанына қарамастан, бұл жануарлар адамдарды өлтіруі мүмкін. Мұндай құмырсқа қоректілердің ұзындығы екі метрден асады. Ал жарақатты олар өздерінің өткір тырнақтарымен салады.
Ғалымдар аңшыларға мұндай құмырсқа қоректілерге жақындамай, оларды алыстан атуға кеңес береді.