Бразилияда аспаннан жаңбыр орнына өрмекші жауды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бразилияның Санто Антонио да Платина (Santo Antonio da Platina) қаласында ерекше табиғи құбылыс болды.
None
None

Аспаннан жаңбыр орнына өрмекші жауды, деп хабарлады Baq.kz.

Жаңбыр жауған сәтте ағаштарда және электр тогын таратушы сымдарда өрмекшілер қаптап кеткен. Жексенбі күні 20 жастағы веб-дизайнер Эрик Рейс далаға шыққанда өз көзіне өзі сенбеген. Ол аспаннан жапалақ-жапалақ қар секілді өрмекшілердің түсіп жатқанын байқайды.

Эрик өрмекші жаңбырының бейнекөрінісін YouTube-ке салып, «Мен өрмекшілердің аспаннан түсу себебін түсіне алар емеспін. Бірақ енді оларға зерттеу жүргізіп, қорытындысын осы жерде тағы жариялайтын боламын»,- деп жазады. Бір-екі күн ішінде бейнематериал көптің назарын өзіне аударып та үлгеріпті.

«Аспаннан жауған өрмекшілер Anelosimus Eximius түріне жатады. Бұл өрмекшілер Оңтүстік Американың тропикалық аумағында көп кездеседі. Оларды «әлеуметтік өрмекшілер» деп те атайды. Anelosimus Eximius түріне жататын өрмекшілер осылай топтасып жүріп, ірі олжаға кенелу үшін үлкен тор құрғанды ұнатады» - дейді жергілікті биолог ғалымдар. Сарапшы өрмекші жаңбырынан еш қауіп жоқ екенін, бірақ мұндай жайттар көп кездеспейтін құбылыс екенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар