Бразилияда автожарыс кезінде трибуна құлап, 128 адам зардап шекті
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бразилияда автодромда трибуна құлап, 128 адам зардап шекті,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Оқиға Парана штатындағы Куатру Понтис қаласында болды. Зардап шеккендердің көбісі жеңіл жарақат алса, 22 адам орташа ауыр жарақат алған. Сейсенбіге қараған түнгі жағдай бойынша, ауруханада «сынық» диагнозымен тоғыз адам қалып отыр.
Криминалистика институты мамандарының түйіндемесі бойынша, трибуна оны құрастыру кезінде жіберілген қателіктер мен сапасыз материалдардың қолданылуы салдарынан құлаған. Оқиғаның себептері туралы ресми баяндама 15 күнде дайын болады, дейді сарапшылар.