Бразилияда болған көшкін 160-тан астам адамның өмірін қиды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында болған көшкін құрбандарының саны 147 адамға жетті, Сан-Паулу штатында қаза болған тағы 13 адам белгілі болды.
Осыдан бұрын Рио-де-Жанейро штатында 114 адамның опат болғандығы туралы хабарланған еді, деп жазды Утро.ру агентігі.
Топырақ араласқан күшті көшкін сәрсенбіге қараған түні болған қатты жаңбырдан кейін Рио-де Жанейро штатының таулы аймағында басталды. Бір тәулік ішінде аймақтағы бір ай нормасындағы 800 миллиметр жауын-шашын жауған.