Бразилияда болған жол апатынан 11 адам көз жұмды

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Бразилияның оңтүстік-шығысында екі автобустың соқтығысуы салдарынан он бір адам көз жұмып, 23-і жарақаттанды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі жергілікті полиция мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Бразилияда болған жол апатынан 11 адам көз жұмды

Жол-көлік апаты кезінде бір автобус өзенге құлап кетті. Апат салдары анықталып жатыр.