Бразилияда бортында 11 адам болған әскери ұшақ жоғалып кетті
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Бразилияда бортында 11 адам болған әскери-тасымалдау ұшағы іздестірілуде. Бұл туралы бейсенбі күні елдің әскери-әуе күштерінің өкілдері хабарлаған.
«С-98 Караван» модельді «Сессна» ұшағымен байланыс Амазонка орманының үстінде жоғалып кеткен. Құтқару операциясына Бразилия әскери-әуе күштерінің екі тікұшағы мен екі ұшағы атсалысуда.
Жоғалған ұшақтың бортындағылардың негізі аймақта халыққа егу науқанын жүргізіп жүрген елдің денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері.