Бразилияда екібасты сәби дүниеге келді
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстігінде екібасты сәби дүниеге келді. Бұл туралы Утро.ру. газеті хабарлайды.
Баланың денесі жалғыз екеніне қарамастан, оның екі басы мүлдем жеке-жеке жұмыс істейді. Сондықтан да дәрігерлер баланың денесіне хирургиялық араласу мүмкіндігін қарастырмайды.
Сәбидің анасыМария-де-Назаре өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер анасы мен баласын перзентханадан келесі аптаның басында шығарамыз деп жорамалдап отыр.
Айта кету керек, бұл биыл Бразилияда дүниеге келген екібасты баланың екіншісі деп жазады Daily Mail. Бірінші екібасты баланы 27 жасар Суэли Феррейра дүниеге әкелген еді. Алайда сәби екі айдан кейін шетінеп кетті.
Қуанышқа орай, бұндай оқиғалар аз кездеседі. Тіпті сиам егіздерінің өзі 2 млн. босанудың ішінде бір рет болатын көрінеді. Дегенмен кейінгі кезде хирургтар оларды ажырату бойынша операциялар жасап жүр.