Бразилияда «Формула-1» иесінің енесін ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Сан-Паулуда «Формула-1» басқарушы компаниясының басшысы Берни Экклстоунның енесін ұрлады, деп хабарлады НТВ.ru.
Апаресида Щункты аман-есен қайтару үшін ұрылар 36,5 миллион доллар талап етті.
РИА Новости хабарлағандай, әйелді 22 шілдеде, жұма күні ұрлаған, алайда бұл туралы қазір ғана белгілі болды.
Атап өтейік, Экклстоунның дәулеті 3,1 миллиард долларға бағаланды. Өзінің қазіргі жары Фабиана Флозиге 2012 жылы тұрмысқа шыққан. Фабиана Флози болса, бұрын «Формула-1»-дің маркетинг жөнінен вице-президенті қызметін атқарған еді.