Бразилияда Google президенті қамауға алынады

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Бразилия соты Google корпорациясының жергілікті бөлімінің президенті Фабио Жозе Силва Коэльоны қамауға алу туралы үкім шығарды.

Бразилияда Google президенті қамауға алынады

Nuevo Herald басылымының хабарлауынша, ол алдағы өтетін муниципалдық сайлауға қатысатын бір үміткер жайындағы YouTube-те орналасқан жағымсыз бейнеақпаратты өшіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, BNews.kz хабарлайды.

Ақпаратта көрсетілгендей, Google жергілікті бөлімінің президенті Мату-Гроссу-ду-Сул штатының әкімшілік орталығы Кампу-Гранди қаласындағы бір муниципалитет басшылығына үміткерге тіл тигізген.

Telegraf.by-дың хабарлауынша, сот 24 сағат ішінде Кампу-Грандидегі YouTube жұмысын уақытша тоқтатуды талап етті.

Бейнероликтерде муниципалитет басшылығына үміткердің бірінің жасанды түсік, маскүнемдік, заңсыз жолмен баюды қолдайтындығы айтылған.

Муниципалдық сайлау 2012 жылдың 7 қазанында Бразилияның 5 мыңнан астам муниципалитетінде өтеді.