Бразилияда халық футболдан әлем чемпионатына қарсы көтерілді. ВИДЕО

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилияда орын алған тәртіпсіздіктер басылар емес.

Бразилияда халық футболдан әлем чемпионатына қарсы көтерілді. ВИДЕО

Елде бірқатар банк пен кеңселерге шабуыл жасалып, ғимараттардың тас-талқаны шыққан. Жұрт биіліктің қомақты қаржы жұмсап, футбол чемпионатын өткізуіне қарсы екендіктерін осылай білдіруде, деп хабарлайды 24.kz. Спорттық шараға 11 млрд. еуро көлеміндегі қаржы жұмсалады деп жоспарланып отыр. Сан-Паулудағы алаңды жөндеу жұмыстарының өзіне 500 млн. еуро кетпек. Наразы топ ел тұрғындары қайыр тілеп жүргенде, биліктің бұлай шашылуы орынсыз екенін айтуда.