Бразилияда ірі автокөлік апаты болды: 33 адам қазаға ұшырады

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстік-шығысында болған автокөлік апаты салдарынан кемінде 33 адам қазаға ұшырады және онға тарта адам жараланды.

Бразилияда ірі автокөлік апаты болды: 33 адам қазаға ұшырады

Қайғылы оқиға сенбі күні таңертең Бахиа штатының Милагрес қаласы маңында орын алды.

Жергілікті өкімет орындарының ақпаратына қарағанда, жүк машинасы мен автобус соқтығысқан.

Полиция тергеу шараларын жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша, жүк машинасы басқарудан айырылып қалып, қатты екпінмен автобуспен соқтығысқан.

Алайда куәгерлер апаттың алдында тағы бір соқтығысу орын алғанын айтады: олардың айтуынша, үшінші көлік құралы автобусты соққан, содан кейін барып ол жүк машинасына соқтығысқан.