Бразилияда қаңғыбас иттерге арналған қала пайда болды

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилияның миллиондаған кедейі бразиялық қыраттар басып тұрған лашықтарда тұрады.

Бразилияда қаңғыбас иттерге арналған қала пайда болды

Осындай лашықтарға адамдарды емес, қаңғыбас жануарларды қоныстандыруды елдің оңтүстігіндегі Кашиас-ду-Сул қаласында ойлап тапты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Тастанды немесе ұрып-соғылған төрт аяқтыларға арналған бірегей баспана еріктілермен 1998 жылы құрылды. Кейін біртіндеп аймағын кеңейтіп, жүздеген үйшіктері мен күркешелері бар нағыз қалашыққа айналды. Бүгінде 1,2 гектарда орналасқан бұл жерде 1600 ит пен 200 мысық паналауда. Олардың дені көшеден әкелінді, кейбірі адамдардың қолынан жапа шекті. Жергілікті тұрғындар атап кеткен «Иттер фавеласы» қашанда толық. Оның жаңа қоныстанушылары күнделікті түсіп жатады.

Қалашықты одан әрі ұлғайтып, жануарларға күтім жасау үшін еріктілер үкіметтен қаржылық көмек сұрады. Қызметкерлердің сөзіне қарағанда, жануарлар бір айда 12 тонна тамақ жейді.