Бразилияда қар жауды
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Бразилияның оңтүстігінде кенеттен күн суытып, қалың қар жауды. Жергілікті басылымдардың жазуынша, Риу-Гранди-ду-Сул және Санта-Катарина штаттарының аумақтарын ұлпа қар басып қалған,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Жергілікті метеорологтардың хабарлауынша, елдің оңтүстігінде ең аз дегенде 16 қалада қар жауған.
Мамандардың айтуынша, бұл жауған қар - Бразилиядағы 2000 жылдан бергі ең қалың қар көрінеді.
Соңғы апталарда Латын Америкасының басқа да бірқатар елдерінде күннің күрт суып кеткенін айта кету керек.