00:50, 16 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Бразилияда көлік апатынан 40-тан астам адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда дүйсенбі күні 40-тан астам адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болды. Жергілікті полицияның мәліметінше, жолаушылар автобусы жанармай таситын көлікпен бетпе-бет соғысқан.
Оқиға Пиауи штатындағы жолдардың бірінде болған, деп жазады РИА «Новости».
Қаза тапқандардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Билік нақты қанша адамның жапа шеккені туралы ақпарат таратпаған. Сол себепті полиция жолаушы тасымалдайтын автобусқа иелік ететін компаниямен байланыс орнатып, қанша адам болғанын анықтау үстінде.