Бразилияда құрғақшылықтың салдарынан 50-ден астам қалада төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бразилияның Пиауи солтүстік-шығыс штатында ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан 50-ден астам қалада төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы жергілікті Азаматтық қорғаныс хабарлады, деп жазды утро. ру.
Ведомствоның берген мәліметіне қарағанда, бұндай құрғақшылық соңғы 10 жылдан бері болмаған. Қазіргі кездің өзінде аталмыш штатта құрғақшылық салдарынан 500-ден астам адам зардап шекті.