Бразилияда «Ламбада» орындаушысының мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық әнші, Kaoma тобының мүшесі Лоалва Браздың өлі денесі Рио-де-Жанейро штатының Сакуареме қаласында табылды. Бұл туралы бейсенбі, 19-қаңтар күні Лента.ру UOL порталына сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, оның отқа оранған мәйіті көлігінен табылған. Құқық қорғау органдары адам өлтіру нұсқасын қарастыруда.
Лоалва Браз 1989 жылы танымал еткен «Ламбада» хит әнін жазған. Оның қоржынында 80-нен астам алтын және платина дискілер болған. Ол Kaoma құрамында үш студиялық альбом және өзінің жеке әншілік мансабында үш пластинка шығарған.