Бразилияда Наурыз алғаш рет мерекеленді

Оған Бразилия сыртқы байланыстар министрлігінің және басқа да органдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, қоғамдық және саяси қайраткерлер, осы елдің іскерлік орталарының өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
ҚР Елшісі Бақытжан Ордабаев қонақтарды Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және елдің әрі қарай дамуы шараларымен хабардар етті.
Бразилия сыртқы байланыстар министрлігінің Хаттама жетекшісі Мариа Винклер құттықтау сөзінде, «өзінің Бразилияда тойланып отырған Наурыз мейрамына алғашқы рет қатысып отырғанын, алдағы уақытта да отандастарының бұл маңызды дәстүр жөнінде көбірек біле түсетініне сенетіндігін» атап өтті.
М.Винклердің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда Бразилия үшін маңызды серіктес болып табылады. Бүгінгі таңда Бразилия Үкіметі екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай дамуына ерекше көңіл бөлуде.
Мерекеу барысында қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарымен, ұлттық музыкасымен, ұлттық киімдерімен танысты.