02:13, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Бразилияда өтетін Олимпиада-2016 тұмарларының тұсауы кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қос тұмары таныстырылды.

Олар Бразилияда өсетін өсімдіктер мен аймақта мекендейтін жануарлардың элементтерінен құралған. Біреуі - сары түсті мешін мен тотықұс және мысыққа ұқсас жануар. Ал екіншісі - адам тектес гүл мен ағаштың қосындысы. Тұмарлардың әзірге атауы жоқ. Оны жергілікті тұрғындар дауыс беру арқылы таңдайды. 2009 жылы Олимпиада қожайынын анықтау кезінде Рио-де-Жанейро Мадрид, Токио және Чикаго қалаларын артқа тастаған болатын.
Дүбірлі дода 2016 жылы тамыздың 5-і мен 21-і аралығында өтеді, деп жазады 24.kz.