02:27, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Бразилияда өзіне-өзі қол жұмсап, өмірлерін қиғандарға арналған көрме ашылды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу қаласында британдық мүсінші, Тернер сыйлығының лауреаты Энтони Гормлидің өзіне-өзі қол жұмсап, өмірлерін қиғандарға арналған көрмесі ашылды,

деп жазады Утро.ру агенттігі.
Көрмеге мүсіншінің қолынан шыққан биіктігі адам бойымен бірдей темір мен термопластикалық материалдан жасалған 31 туынды қойылды. Аталған мүсіндердің барлығы да биік ғимараттардың үстіне орнатылған және төменге қарай секіріп, өзін өлімге итермелеп тұрған адамды бейнелейді.
Мұндай мүсіндердің бірі елдегі ірі "Banco do Brasil" банкі ғимаратының төбесіне орнатылған.