Бразилияда Пеле мавзолейі ашылды

САНТУШ. ҚазАқпарат – Пеленің алтын табытына арналған мавзолей Сан-Паулу маңындағы Бразилияның Сантуш қаласында ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бразилияда Пеле мавзолейі ашылды
Фото: Euronews

Оның ұлдарының бірі Эдиньо түсіндіргендей, бұл жер стадион секілді, Пеле әлі де ойнап жатқан сияқты атмосфера қалыптасқан. Бұл – әлемдегі ең үлкен тік зираттың иесі, ұлы футболшының жақын досы, 2018 жылы қайтыс болған Пепе Алстуттың идеясы. Алстут мавзолейді тоғызыншы қабатта жасамақшы болған, «Сантуш» клубының «Вила Белмиро» стадионына қарайды деп үміттенді, онда Пеле 18 жыл бойы ойнады.

Оның орнына отбасы Пелені екінші қабатқа жерледі, себебі жанкүйерлер баруға ыңғайлы деп ойластырды. Пеленің денесі мұнда 3 қаңтарда, 82 жасында тоқ ішек қатерлі ісігінен қайтыс болғаннан кейін бес күн өткен соң қойылды.

Дүйсенбіден жұмаға дейін кесенеге барғысы келетіндер Мемориалдық зират сайтында уақытты броньдауы керек.

Пеле 1958, 1962 және 1970 жылдары әлем кубогында Бразилияны чемпион атандырды. Ол – үш рет жеңіске жеткен жалғыз ойыншы.

Айта кетсек, биыл Пеле ФИФА-ның арнаулы кубогымен марапатталды. Халықаралық футбол федерациясының арнаулы кубогын аты аңызға айналған футболшының жұбайы Марсия Аокиге Роналдо табыстады.

Сондай-ақ, Эдсон Арантис ду Насиментудің (Пеле) есімі португал тіліндегі Michaelis сөздігінің цифрлық нұсқасына енгізілді.