Бразилияда Пеленің қайтыс болуына байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды

АСТАНА. ТАСС-ҚазАқпарат – Бразилияда футбол королі Пеленің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бразилияда Пеленің қайтыс болуына байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды

«Осы жарлық жарияланған күннен бастап республиканың барлық аумағында үш күндік мерзімге ресми аза тұту жарияланды. Бұрынғы футболшы Эдсон Арантес ду Насименту - Пеленің қайтыс болуына өкініш белгісі ретінде», - делінген ресми хабарламада.

Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті. 1940 жылдың 23 қазанында Бразилияда дүниеге келген Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту жанкүйерлерге Пеле деген лақап есімімен белгілі болды.

Ол - өзінің футболшылық мансабында үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы.

Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Аталған ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған.


Фото: : Arquivo / Eduardo Matysiak