Бразилияда Пеленің ұлы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия билігі әйгілі футболшы Пеленің ұлы - Эдсон Шолби Насиментуды ұстады. ол Сан-Паулуда құрықталып, полиция учаскесіне жіберілді, деп нақтылады ИТАР-ТАСС.

Бразилияда Пеленің ұлы ұсталды

43 жастағы Эдиньо есірткі сатудан түскен ақшаны жылыстатқаны үшін 33 жылға сотталды. Осы іс бойынша тергеу 2005 жылы басталған еді, сол кезден бастап спортшыға оның белгілі есірткі саудалаушылармен байланысы бар және есірткі саудасына қатысқан деген айыптар тағылды. Ол барлық айыптауларды жоққа шығарды, алайда өзі есірткі пайдаланатынын жасырған жоқ.

2014 жылдың мамыр айында Эдиньо сотталды, алайда аппеляциялық шағым жасап, оны қайта қарау мерзіміне дейін бостандыққа шықты. Онымен бірге осы іс бойынша тағы үш адамға айып тағылған. Олардың бәрінің мүлкі, соның ішінде 100 автокөлік тәркіленді.

Тоқсаныншы жылдары Насименту «Сантос» клубында ойнады. Оның әкесі де осы клубта танымал болған. Қазір Эдиньо осы клубтың жаттықтырушыларының бірі.