07:36, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бразилияда пойыз автобуспен соқтығысып қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу штатында пойыздың автобуспен соқтығысып қалу салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанған, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып.
Оқиға штат астанасы Сан-Паулу қаласынан 125 шақырым жердегі Американа қаласының темір жол өткелінде орын алған. Автобус белгісіз себептермен жүк пойызы өтіп бара жатқан теміржолға қарай шығып кеткен.
Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапса, тағы да үшеуі кейінірек көз жұмды. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, 15 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің саны анықталуда.