Бразилияда радардан Air France компаниясының жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

БРАЗИЛИА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Бразилияда Air France авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Париждегі Шарль де Голь әуежайының өкілдерінің мәліметтері бойынша, Рио-де Жанейро-Париж бағытында ұшып бара жатқан аэробустың бортында 216 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Лайнермен байланыс таңертең жоғалған. Бірақ Франциядағылар үміттерін жоғалтпаған. Ұшақ жергілікті уақыт 11.10-да (мәскеу уақыты бойынша 13.10) Париж әуежайына келмеген соң, дабыл көтерілген. Ұшақ әлі табылған жоқ. Бразилиялық өкімет жоғалған лайнерді іздеу операциясын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум